Шілдехана (Праздник в честь новорожденного) - Для традиционных праздников - Поздравления и пожелания на казахском языке.








Шілдехана (Праздник в честь новорожденного)

В категории материалов: 9
Показано материалов: 1-9
Страницы:

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Поздраление из категории "Шілдехана (Праздник в честь новорожденного)"
0
Кішкентайыңыздың бал қылығын қызықтап, аналық мейіріміңізге бөлей беріңіз. Шаңырағыңыздан шаттық-қуаныш, жүзіңізден күміс күлкі арылмасын!
Поздраление из категории "Шілдехана (Праздник в честь новорожденного)"
0
Нәрестелі болған қуанышыңыз құтты болсын!
Дүниеге шыр етіп келген алтын асықтай ұлыңыз 
келешекте қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет жігіт болып өсіп,
әулетіңіздің жарқын жалғасы,
шаңырағыңыздың лайықты иесі болар ерге,
елінің арқа сүйер еңсесі биік азаматына айналуын тілейміз.
Жас сәбидің ата-анасы ретінде жұбайыңыз екеуіңізге
деннің саулығы мен жанның жылылығын,
таудан биік әкелік жүректің қамқорлығы мен
теңізден терең аналық жүректің мейірімін тілейміз.
Шаңырақтарыңыз шаттыққа, құшақтарыңыз қуанышқа толсын! 
Поздраление из категории "Шілдехана (Праздник в честь новорожденного)"
0
Дүниеде тұңғыш перзенттің келуі әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. Өмірге жаңа келген сәби – кеше ғана үйлену тойын өткізген жас-жұбайларды «әке-шеше», ал олардың ата-анасын «ата-әже» атандырып, осы бір шаңыраққа ерекше бір мейірімділіктің нұрын сыйлайды.
Олай болса өмірге келген жас сәбидің әке-шешесіне, атасы мен әжесіне мықты денсаулық тілеп, тұңғыштарыңыздың бауы берік болсын дейміз. Ал жас сәбиге тілеріміз: ата-анасының үмітін ақтайтын маңдай жарқыраған ұл болып ер жетсін! Өмірлі болсын!
Поздраление из категории "Шілдехана (Праздник в честь новорожденного)"
0
Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген сөз бар. Дүниеге сәбидің келуі - өмірдің бір ғанибет – ғажабы деуге болады.
Достым, сені әке болуыңмен, ал жарыңды ана болуымен құттықтаймыз. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын. тезірек ер жетіп, сендердің қолқанаттарыңа айналсын. Артынан іні-қарындастарын ерте берсін! Ендеше осы кішкентай өмірдің жалғасы және оны дүниеге келтірген ата-анасы үшін!
Ұлы ғұламалар «әрбір адам дүниеге келгенде аспанда жаңа бір жұлдыз жанады» деп айтқан екен.
Міне, дәл қазір түнгі аспанға нұрын шашып тұратын жұлдыздардың саны біреуге көбейді. Жарық дүние есігін жаңа ашқан мынау періштеміз де сол жұлдыздай жарқырап ортамызға қуаныш алып келді.
Өмірге келген сәбиімізге Алла тағалам мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір берсін. Аман-есен ер жетіп, елінің айтулы азаматы болсын!
Поздраление из категории "Шілдехана (Праздник в честь новорожденного)"
0
Қадірлі қонақтар!
Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері!
Осы ақ дастархан басына адал ниетпен жиналып отырған қонақжай халқым, бүгінгі тойдың қандай той екені баршаңызға мәлім. Сондықтан мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!
Поздраление из категории "Шілдехана (Праздник в честь новорожденного)"
0
Бала – адамның бауыр еті. Бірін бірі жақсы көретін екі адамның жаны мен тәнінен жаралған бала ерекше ыстық. Отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне  мейіріммен қарауына негіз жасайтын алғы шарттардың бірі – олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент. Сондықтан атамыз қазақ  «балалы үй – базар» деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар.
Сол себепті мен сендерге тойларың тойға ұлассын, өмірдегі көретін қызықтарың көбейе берсін демекпін.
Менің осы айтқаным той – тілегім үшін дастархандағы дәмнен алып отырыңдар!
Поздраление из категории "Шілдехана (Праздник в честь новорожденного)"
0
Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді!
Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын!
Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата-анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер Азаматына айналсын!
Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!
Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін.
Поздраление из категории "В стихах"
0
Баланың көңілі жай болсын,
Мың жылқылы бай болсын.
Айдағаны қой болсын,
Шайнағаны май болсын!
Азын-аулақ дәулеті
Күнде өзіне той болсын.
Жұртта қалған жұрыны
Домалап келіп қой болсын!
Жұртта қалған тулағы
Тулап келіп тай болсын.
Поздраление из категории "В стихах"
0
Құтты болсын бесігің
Артық болып   несібің.
Дастарханың жайылып,
Ашық болып  есігің,
Өре берсін балалар.
Дұшпандарың болмасын,
Күншілдікпен табалар.
Алпамыстай тағы да,
Ұл артынан ұл тапқын.
Жарқыраған Шолпандай,
Қыз артынан қыз тапқын.
Құтты болсын бүгінгі,
Шілдехана тойларың.
Тілектерін қабыл боп,
Орындалсын ойларың. 
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.