Проводы невесты - Для традиционных праздников - Поздравления и пожелания на казахском языке.








Проводы невесты

В категории материалов: 28
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Поздраление из категории "Проводы невесты"
0
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.
Поздраление из категории "Проводы невесты"
0
Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі ......(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті.
Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!
Поздраление из категории "Проводы невесты"
0
Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол
болғай. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.
Поздраление из категории "Короткие"
0
Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі    армандарың орындала берсін. Өмір жолында серіктерің сәттілік, жолдастарың жақсылық болсын.
Поздраление из категории "Короткие"
0
«Бақыт деген досыңның – қабағында, жарыңның –жанарыңда» дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.
Поздраление из категории "Короткие"
0
Жүздеріңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай  бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіздер!
Поздраление из категории "Короткие"
0
Айжанымыз ақ босағасынан ұзатылып, Мағжан есімді өзінің өмірлік серігін тапты. Жас жұбайларға қашанда жандарыңа жақсылық серік болсын, өмір өткелінен қол ұстасып бірге өтіңдер деп тілек білдіреміз.
Поздраление из категории "Проводы невесты"
0
Қадірлі құдалар, ағайындар! «Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген дана сөз бар халқымызда. Бүгін міне, екі жас бір-бірімізді туыс етіп отыр. Бәріміз де туған үйіміздің өрісін осылай кеңейткенбіз. Қыз өріс деген осы екен. Қыздың барған жерге сіңіп кетуі біріншіден, жастардың тәрбиесіне, екіншіден ағайынның татулығына көп байланысты. Кәнеки, екі жасқа құтты қадам, құдаларға ынтымақ тілейік.
Поздраление из категории "Проводы невесты"
0
Қадірлі туыстар, меймандар. Күні кеше құдалардың алдынан өтіп, алақандарына салып аялап отырған қыздарын үкілеп алып келдік. Бүгін міне той-думан біздің елде жүріп жатыр. Қызды туған ұясынан ұшыру оңай емес. Қыз ата-анасының, туыстарының қандай қимас сезіммен, үлкен үмітпен, кәміл сеніммен аттандырып салғандарын көрдік. Жастардың қадамы құтты болсын. Тіккен отауларына ырыс кірсін, ынтымақты болсын. Келіннің етегі балаға толсын, бір-екеумен шектеліп қалмасын. Әпкем мен жездем енді немере сүйіп, соларды әлпештеп, қызықтарына кенеле берсін, біз соның куәсі болайық.   
Поздраление из категории "В стихах"
0
Суырылып шықтың, қызым, өзегімнен,
Суынып кетпе жырақ өз еліңнен.
Бақытың берген шығар тізгініңді,
Бақытың келген шығар кезегімен.
Тұр міне, ұлы өмірің басталғалы,
Еркіндік, еркелігің тасталғалы.
Көтеріп жас отаудың керегесін,
Бірлесіп жанұяның бастар шағы.
Тілегі ата-анаңның тағың болар,
Батасы ел-жұртыңның бағың болар.
Ойланып ақылыңмен жүрер болсаң,
Құдайым ниетіміз қабыл болар.
Сағаңмен сарапқа түс күнім еркем,
Анаңмен бірге қалсын еркелігің.
Ата-анаңның үмітін ақта жаным,
Барған елде сыйлы бол, бақытты бол!
1-10 11-20 21-28
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.