Старчество (после 73)

В категории материалов: 17
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Поздраление из категории "Родителей"
0
Ардақты әкеміз _______ 80 жасқа, аяулы анамыз 75 жасқа толған мерейтойларымен құттықтаймыз!
 
Өмір атты тарихтың дастанында,
Үлгі болып келдіңдер жас қауымға.
Бірің - 80, ал бірің 75-тің
Шуақ шашып тұрсыңдар асқарында.
Әке-ана, енді қалған ғұмырдың,
Тек қана бақыт күлсін аспанында.
Поздраление из категории "Родителей"
0
_______ өңірінің қадірлі ақсақалы, еңбек ардагері, аяулы әкеміз _______ 80 жасқа толуымен құттықтаймыз!
 
Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам,
Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме!
 
Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке!
Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке!
Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік,
Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!
 
Ұшырғанда демеген асқар тауым, жан әке!
Қысылғанда жебеген басты арқауым, жан әке!
Кемелдік пен тереңдік, даналықтың мезгілі –
Сексен атты сеңгірден асқан шағың, жан әке!
 
Жоқтатпадың ешқашан анамызды, жан әке!
Сендей әке жалғанда табамыз ба, жан әке!
Баршамызға ақылшы, Әке, Ата боп әрдайым
Аман-есен жүре бер арамызда, жан әке!
Поздраление из категории "С днем рождения"
0
Халқымыздың ерлі-зайыпты қадірменді қариялары, он екі ұл мен қыз тәрбиелеп өсірген қамқор әке, аяулы ана, ардақты ата, асыл әжеміздің ғибратты ғұмыры кейінгілерге үлкен өнеге. Шаңырақтың үлгілі ісі, халқымыздың асыл қасиеттерін ардақ тұтқан өнегесі дәріптеуге әбден лайық. Әлде де ортамызда, қызық-қуанышымызды бөлісіп, немере-шөберелеріңді қызықтап, мейірімдеріңе бөлеп жүре беріңдерші!
Поздраление из категории "С днем рождения"
0
Сексеннің сеңгіріне секірген апамызға дүниедегі бар жақсылықты тілегіміз келеді. Амандық болсын, жамандық болмасын! Арамызда аман-есен жүре беріңіз! Немере-шөберелеріңіздің есейгенін көріп, олардың үйлену тойларына қатысып, төрінде дәл қазіргідей қуанып отыра беріңіз! Гүлдей жайнап жүз жасаңыз, апа!
Поздраление из категории "С днем рождения"
0
Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр-жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.
   Мынау бізге көршілес жатқан орыс ұлтында
Қарапайым өмір сүрген жан жүз  жасайды деген сөзі бар. Осынау қарапайым ойдың астарында  мейірімді, жүрегі таза, қиналған сәтте қол үшін
беруге дайын тұратын, құдайынан қорқатын қанағатшыл да иманды адам туралы қаншама түсінік жатыр десеңізші!
     Аса құрметті ........ . Сен де сондай мадаққа лайық қарапайым өмір сүретін жанның бірісің! Бүгін Саған осындай дастарханның 100 жасқа толғаныңда да кеңінен жайылсын деген тілек арнағым келеді!
Поздраление из категории "С днем рождения"
0
Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. «Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз.
...еке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен  құттықтаймыз!
   Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі - өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.
   Асеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын!
Поздраление из категории "С днем рождения"
0
Атақты сексен келдің бе,
Алайын деп сырымды.
Сезікті сексен, келдің бе,
Табайын деп мінімді.
Сүйкімсіз сексен, келдің бе,
Қатырғалы буынды.
Айналдырмай аулақ жүр,
Көрсетпеймін шенімді.
Тұсауым жоқ аяқта,
Сүйенгем жоқ таяққа.
Сыр алдырман сексенге,
Тоқсан, жүзің қай жақта?
Кіндік кескен, кір жуып,
Мәтібұлақ жартасты,
Қозы жайған, қой баққан,
Өскен жерлер алғашқы.
Жүрген өлкем сұлутөр,
Қордай, Жайсаң, Қоңырбел,
Тұрған жерім "Киров-ты".
Шалқыған өлкем Жетісу,
Жүрген жерім думан ду,
Салқын сая көк торғын,
Мөлдір бұлақ, орман ну,
Аралаған Алатау,
Қазақ, қырғыз тамаша-ау!
Алтай, Арқа, Көкшетау,
Айналасы бақша-бау,
Кенді көне Қаратау,
Кеннің қоры ана тау,
Орал, Орда, Маңғыстау.
Барған жерім ән шырқау,
Тоғыз бардым Мәскеуге,
Елдің тойын бастауға.
Бардым бірде Кавказға,
Алып Жамбыл қарт барда,
Ұлы Отанның көп жерін,
Өнеріммен көргенмін.
Ел алғысын көп алып,
Ел уызын емгенмін...
 
Тай уйреттім тепсеңге,
Келді Кенен сексенге.
Екі Кенен тумайды,
Алатауға ексең де.
Поздраление из категории "С днем рождения"
0
Талайларды қуантар екпіні елдің,
Сексен деген жасы ғой бектің, ердің.
Қанаш құрбым сексенге келді бүгін,
Рухы мықты ұрпағы тектілердің.
 
Ұл-қыздары ерекше шаттанып, күл,
Ата-ананың еңбегі ақталып тұр.
Елу бес жыл отасып Науша-қызбен,
Қанаш-жігіт өмірден бақ тауып тұр.
 
Қанаш пенен Наушадай асылдарға,
Асуларын тілеймін асуларға!
Қозы менен Баянның белгісіндей,
Жалғассыншы ғасырдан ғасырларға!
Поздраление из категории "С днем рождения"
0
Алтын күздің алғашқы күні Алатаудай ардақты әкеміз 70 жасқа толғалы отыр.
Сондай-ақ анамыз екеуінің өмірлерінің мәніндей  «Алтын тойлары». Гүлдей қыз өсірген, білдей ұлдар өсірген, балдай немере-жиендер сүйіп, өмір сүруге, адам болуға тәрбиелеген әке-шешемізді   қос қуаныштарымен құттықтаймыз.

Әкетай – асқар тауың,
анашың зәм-зәм бұлақтай.
Алла өзі демеу болсын,
жылатпай-дағы ,құлатпай.
«Гауһар тойға» жетіңіздер,
төрт құбылаң тең болып,
Шөлпілдетер шөбере сүйіп,
шөлміркер көңіл гүл атқай!
Поздраление из категории "С днем рождения"
0
Қиясына өмірдің өрлеп көрді,
Ел-жұрты үшін ерінбей еңбектенді.
Ортамызда ақылшы Алма апамыз,
Сеңгіріне сексеннің сергек келді.
 
Еркелетіп немере, шөберсін,
Кәрілікті апамыз елемесін.
Үрім-бұтақ, ұрпағы құттықтаймыз,
Тіршіліктің қызығын көре берсін.
1-10 11-17
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.