Родителей

В категории материалов: 64
Показано материалов: 51-60
Страницы: « 1 2 ... 4 5 6 7 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Поздраление из категории "Родителей"
0
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын.
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.
Поздраление из категории "Родителей"
0
Асқар таудай әкем – бақытымсың, бағымсың,
Өмірдегі, төрімдегі тағымсың!
Құтты болсын ......... жасың, жан әке,
Сағынышым, қуанышым, асқар шың.
 
Тілейміз біз таусылмайтын төзімді,
Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді.
Денсаулығың мықты болсын, жан әке,
Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді.
 
Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,
Тіршілікте сәттіліктер қолдасын,
Жанұямен мақтанамыз қашанда,
Арамызда Сіздей әке болғасын.
Поздраление из категории "Родителей"
0
Тарылмасын, жан әке, тынысыңыз,
Таси берсін әманда ырысыңыз.
Немереңнің келіні сәлем етіп,
Шөбереңнің қолынан су ішіңіз.
Поздраление из категории "Родителей"
0
Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
70 жастың құтты болсын белесі.
 
Балаларың басыңдағы бағыңыз,
Жүзге дейін нұрлы шырақ жағыңыз.
Өзіңізді мәпелеген, баптаған,
Аман болсын анамыздай жарыңыз.
 
Осы өңірде кең керілген керегең,
Еңбегіңмен еселенген берекең.
Атасының амандығын тілейді,
Ерке, тентек, ақ пейілді немерең.
 
Ардақтайды ақсақал деп халқың да,
Біз секілді ұрпағың да артыңда.
Сексенге де, тоқсанға да жетіңіз,
Дәл осындай мейірімді қалпыңда.
Поздраление из категории "Родителей"
0
Ана деген киелі есім, Алла берген бар мәнін,
Күн шуағы төгілгендей мынау күні Алланың.
Бар бақытты өмір саған Ана берген әрдайым,
Барша Адамзат Аналарға басыңды ию- Аллаға!


Имя мама дано самим Богом.
Этот светлый, теплый день подарен Богом.
Этот счастливый миг жизни подарен маме
Все, кто склоняет голову перед мамой – это к Богу.
Поздраление из категории "Родителей"
0
Журегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан - Ана(мама), өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сут беріп, аялап өсіріп, осы кунге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәңгі қарыздармыз.

Мейрім мен махаббатан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылыткан ыстық алақаныңыздан? "айналайын" деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді уніңізден артық біз ушін ешнәрсе де жоқ, ана(мама)!...

Маматайым(анатайым), езуіңіздегі кулкі, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуаныш пен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда куліп - ойнап, шатыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, Мама(Ана)!


От всего сердца поздравляю самую дорогую, самую желанную – маму. Ты нас вскормила своим молоком, лелеяла нас и вырастила за это очень благодарны мы – дети твои и мы всегда в неотплатном долгу.

Твоя любовь мама, твое доброе открытое сердце до сих пор нас согревает, так живите долго-долго.

Мамочка когда смеешься ты мы радуемся, даже если слеза из глаз твоих потечет – пусть будет это только от радости. Живите на радость нам.
Поздраление из категории "Родителей"
0
Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекен ұзағына бола берсің,
Үй-ішің немере, шөбереге тола берсің!

Әжетай, мейірің көп таңдандырған,
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямыдың,
Өзіңе борышы көп балалардың.


Бабушка, будь красивой
Радуйтесь от души
Трудом находя радость
Живи долго среди нас
Праздник твой пусть долго длится,
А дом полнится детьми детей твоих
Бабушка, ты очень добра
Ради нас не боялась ты трудностей.
Не жалела тепло своего сердца
Дети пред тобой в неотплатном долгу.
Поздраление из категории "Родителей"
0
Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын жетпіс бесіңіз, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығын байқалған.
Есен болсын ұрпағынңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!


Корабль счастья плывет
Встречаешь с улыбкой ты
Поздравляем вас миля бабушка с юбилеем
Боготворим вас.
Вы огромное дерево, раскидистой кроной
Много людей искусившее опору от вас
Пусть живут на радость твои потомки
Пусть будет счастье, радость
Пусть прибавятся года к годам.
Пусть доживешь до ста без старости.
Поздраление из категории "Родителей"
0
Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан - МАМА, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, осы күнге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәнгі қарыздармыз. Мейірім мен махаббатан жаралган кең жүрегіңізден, қызуы тұла - бойымызды жылытқан ыстық алақаныңздан, "айналайын" деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді үніңіздең артық біз үшін ешнәрсе де жоқ, мама!..Маматайым, езуіңіздегі күлкі, тіпті көзіңізден тамған әрбәр тамшы жас құаныш пен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!


От всего сердца говорю самые теплые слова моей Маме. Ты нас родила, вскормила своим молоком, взрастила и мы, дети твои говорим большое спасибо и всегда перед тобой в долгу. Спасибо за твои мягкие ладони, которыми гладила нас по голове. Спасибо за то, что нас ласкала как солнце землю. При солнышке светло, при матери тепло гласит народная мудрость. Дорогая ты наша.
Мама – даже если навернулись слезы на твои глаза, то пусть это будет слезами радости. Желаю долгой предолгой жизни на радость твоих детей.
Поздраление из категории "Родителей"
0
Бүкіл өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген, бүгінде қызын - қияға, ұлын - ұяға қондырып, немерелерінің сүйікті Әжесі болып отырған асыл Анамыз, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! "Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да қаызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Ардақты ана, сiзге қажымас қайрат, зор денсаулық тiлей отырып, айналаңызға шуағыңызды шашып ұзақ өмір сүріңіз демекпiз!


Вся жизнь была посвящена детям, своему очагу. Мать, которая взрастила дочерей и сыновей, сегодня находится на пьедестале почета! 

Поздравляем вас, дорогая наша Мама
Даже если мать на спине отнесешь к Мекке не расплатишься долгами гласит народная мудрость. Это какой пик высоты нужен для матери от детей!
Дорогая наша мама, желаем вам долголетия.
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.