С сватавством

В категории материалов: 14
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Поздраление из категории "С сватавством"
0
Құрметті құда......., құдағи....!
Таудан аққан тас бұлақтың суы қандай мөлдір,
Қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай – сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем!
Баламыздың көңілі құлапты,қызымыздың жаны ұнатты – екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегендей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар!
Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді.
Поздраление из категории "С сватавством"
0
Байлық, дәулет,бақыт туралы әңгіме қандай көп.
Сондай бірінде «Бай – байға құяды, сай – сайға құяды, шұқанаққа түк жоқ» депті бір ел ішінде жүрген елеусіз Дана.
Екінші бір Дана «Бай мен бай құда болса арасында дәнекер болып жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса арасында дәнекер болып дорба жүреді, бай мен кедей құда болса бір-біріне қарай зорға жүреді» депті.
«Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді».
Ұл-қызымыз «тереземіз тең» деп қосылса – не тұрыс бар, ендеше төскейде малымыз қосылсын, сырласып жанымыз қосылсын!
Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын!
Егіз арна қосылды – аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты – аяғы сегіз болғай!
Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – біздікі! Барша гүлдің сыйлайтын ләззаты – бір, сұлулық.Ұл-қыз –перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!
Көзіміздің ағы менен қарасы қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз, төс түйістіріп құшақтасайық, құдалар!
Поздраление из категории "С сватавством"
0
Қазақтың бір сөзінің қатесі жоқ;
Алдымен бауыздау құда, кейін қылауы түспеген құда, сосын белгілі бел құда, кейін Абай жарықтық қаһарлы қысқа теңеген кәрі құда болады екен. Абай атамыз кәрі құдадан қаймыққан, санасқан. Себебі кәрі құда іші-бауыры араласа келе бауырына  айналып барлық сырын біліп қояды. Шынымен білек сыбанып кіріссе – біліп айтады, батырып, жаныңды ауыртып, бетті тіліп айтады. Яғни, дос болып жылатып айтады. Абай  - дана міне осы құданы айтқан.
Поздраление из категории "С сватавством"
0
«Жігіттің үш жұрты болады» деп жатады. Дегенмен жақсы болса құдаларың да бір жұртың екені Айдан анық. Ақылды құдаң – құрдасың,ақылды құдағиың – сырласың емес пе?
Құрметті, қымбатты құдалар! Қазақтың «Асауды –ноқта, құданы – құдай қосады», «күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық» деген нақылында бір мысқал қоспа сөз. Біз де құдай қосып құда болдық, ...........! күйеу бала мен келіннің – екі жастың ғұмыры жүз жылдық болсын! Құдалығымыз мың жылдық болсын!
Поздраление из категории "С сватавством"
0
Тәтті үміт болып
болашаққа жалғасқан,
Ерекше екен
алғашқы арман, алғашқы ән.
Құда боп келген –
қадамы құтты ел болсын,
Құдаларымыз
Бақ - өзен болсын арна ашқан. 
 
Үйленіп жатыр,
қырдан да дүрмек, ойдан кеп,
Жақсы жандарға айқара құшақ жайған көп.
Есітіп жатырмыз –
құдалардың бұл түп тегі,
Аймандай ұл-қыз
Тудырған текті Жайдан деп.
 
Кімдер де болса ел екен етек-жеңі кең,
Қазақ даласын желпінткен алған демімен!
Ұлыларға тән ұнасымды болған құдалық –
Құдай бұйрығы,
Терезе түсті теңімен!
Поздраление из категории "С сватавством"
0
Қош келдің құдай қосқан құдаларым,
Төрімде не десең де құп аламын.
Бір жүріп, бірге тұрып қызықтайық
Өмірдің енді келген нұр-алабын!
Құдалар өрлеңіздер төрімізге,
Қарап тұр екі рулы ел – бәрі бізге!
Жетейік кәрілікке сыннан өтіп,
Сыйластық қалсын мәңгі өңімізде!
Поздраление из категории "С сватавством"
0
Жаңбыр жауар бұлт келгенде түйіліп,
Сөйлейді ақын бір Аллаға сыйынып.
Сенің-дағы келіп отыр тойыңа,
Алты Алаш ел – алыс-жақын жиылып!
 
Тоймен бірге жасап жатсын құдалық,
Тұңғыш ұлға түсіпті ару-бұғалық.
«Көп тілегі көл болады» деген бар,
Жас келінің дана тусын бір алып!
Поздраление из категории "С сватавством"
0
Құдалар келді!
Қарсы алып жүгір, ағайын
Гүл менен биге ораңдар бүкіл маңайын!
Алдынан шықсын Аталар мен аналар,
Ақ қырау шалған самайын!
 
Күмбірлеп күй мен жаңғырып жаңа ән ойналсын,
Отыз күн ойын,
Қырық күн тойың тойлансын!
Жайылып жастық, иіліп төсек болайық,
Құдалар Аты байлансын!
Құтты да болсын,
қарсы алған құдаң гүлдермен,
жандар деп жатыр тәрбие көрген, үлгі өрген.
Асауды – ноқта,
Құданы құдай қосады,
Баянды болсын қызықтарыңыз бұл көрген.
 
Баянды болсын,
Бақ болып келсін келінің,
Арқалап келген бір елдің ұят, сенімін.
Ұлағатты жермен
ұластырсам деуші ең ұлымды,
түсті ме, көке, орнына бүгін көңілің.
Поздраление из категории "С сватавством"
0
"Жігіттің үш жұрты болады" деп жатады. Дегенмен жақсы болса кұдаларын да бір жұртың екені Айдан да анық. Ақылды құдаң - құрдасың, ақылды кұдағиың - сырласың емес пе! Құрметті, қымбатты құдалар! Қазақтың "Асауды - ноқта, құданы - құдай қосады", "Күйеу - жүз жылдық, құда – мың жылдық" деген нақылында бір мысқал қоспа сөз жоқ. Біз де құдай қосып құда болдық, Сапеке! Күйеу бала мен келіннің - екі жастың ғұмыры жүз жылдық болсын! Құдалығымыз мың жылдық болсын!


Говорят, что «У джигита три родни». Понятно, что хороший сват это один из его родни. Умный сват – твой друг-сверстник, умная сватья – твоя задушевная подруга. Уважаемые и дорогие сваты! В изречениях казахов «Сватов соединяет сам Бог» и «Муж – на сто лет, сваты на тысячу лет» нет ничего лишнего. Сапеке, нас с вами соединил сам бог! Вашему зятю и моей невестке дай бог сто лет прожить. А нашему сватовству тысячу!
Поздраление из категории "С сватавством"
0
Қазақтың бір сөзінің қатесі жоқ:
Алдымен бауыздау құда, кейін қылауы түспеген құда, сосын белгілі бел құда, кейін Абай жарықтық қаһарлы қысқа теңеген кәрі құда болады екен. Абай атамыз кәрі құдадан қаймыққан, санасқан. Себебі кәрі кұда іші-бауыры араласа келе бауырына айналып барлық сырын біліп қояды. Шынымен білек сыбанып кіріссе - біліп айтады, батырып, жаныңды ауыртып, бетті тіліп айтады. Яғни, дос болып жылатып айтады. Абай-дана міне осы құданы айтқан.


Как говорят казахи, а они всегда говорят правильно (в тему):
Сперва вы уважаемые сваты, затем новые сваты, после родные сваты, ну а в конце вы старые сваты. Даже великий Абай всегда почитал, считался и уважал старого свата. Потому что старый сват, на протяжении долгого времени общаясь с вами, становится вам почти родственником, узнает многие ваши секреты. А если он захочет, сможет так сказать, что затронет вашу душу, а может и пристыдить. Он поступает как настоящий друг. Вот таким описывал великий Абай старого свата.
1-10 11-14
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.