С днем защиты отечества

В категории материалов: 10
Показано материалов: 1-10
Страницы:

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Поздраление из категории "С днем защиты отечества"
0
Сәбит ӨСКЕМБЕКОВ, Ақмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы:
– Біз қалай айтсақ та өт­кен өмірімізді сызып тастай алмаймыз. Ол мәңгілікке біз­дің жадымызда қалып қойды. Ұнасын, ұнамасын, ол бізге байланысты емес. Кеңестер одағы кезінде Қазақстан біз­дің туған жеріміз деп есептелді де, Кеңестер одағы біздің Отанымыз болып саналатын. Соған біз ант бердік. Орталық, батыс сияқты топтарды аға буын ұмытпаған шығар. Қолымызға автомат ұстап ант бергеннен кейін, бізді кенеттен соғыс болып қалған жағдайда екі сағат жауларды өз күшімен ұстап тұр деп оқытатын. Ол кезде бар қауіп Батыстан, НАТО-дан деп күттік қой. Кеңес сабақтары әр солдат сол міндетті екі сағатқа шыдауы керек деп үйретті. 23 ақпанда Кеңестік армия күні мерекеленетін, оны жоққа шығарып қажеті жоқ, біздің өзіміз егемендігімізді алғаннан кейін 7 мамырдың Отан қорғаушылар күні деп аталғаны да көңілге қонады. Қайсыбір жылдары бұл атаулы күнді 9 мамыр Жеңіс күнімен қосып жіберу керек еді деген де әңгіме шықты, Жеңіс күні ол өз алдына бөлек мереке, оны шатастырмауымыз керек. Ол біздің бабаларымыздың, әкелеріміздің қанымен кел­ген, сондықтан, 9 мамыр ол егемендік алғаннан кейін өсіп-өнген ұрпаққа отаншылдық сезімді ояту үшін өте қажет. 
 Отансүйгіштік қасиет ол әр баланың бойында болуы керек. Оны көбісі абстракция­лық ұғым деп түсінеді. Үлкен-үлкен лауазымды қызметте жүрген кейбір дүние-байлықты күйттеп кеткен шенеуніктер бастарына іс түссе, Отанын тастап шетелдерге қашып кетуі мүмкін, оларда ешқандай отан жоқ деп ойлаймын. 1937 жылы құрбандыққа шалынып кеткендер «өзге елде ит өлім­мен өлгенше, өз елімнің топы­рағы бұйырсын» деген түйсік­те болған ғой. Қазіргі басына іс түскендер солардай ерлік жасай алар ма? Бұл енді тәрбие басы тал бесікте жатыр, отаншылдық сезімі сәби кезінен санаға сіңіру­дің арқасында ғана даритын ұғым. 
Поздраление из категории "С днем защиты отечества"
0
Қымбатты ақтөбеліктер,
Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері !
Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын!
Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.
Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.
Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Ақтөбеліктер бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.
Отан қорғаушылар күні өзінің бастапқы кәсіби белгіленімінен әлдеқашан биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.
Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды.
Қымбатты жерлестер!
Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!
Поздраление из категории "С днем защиты отечества"
0
Құрметті, жігіттер, әріптестер!
7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күні. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. 
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. 
Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. 
Биік шыңдардан көрініңіздер! Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын. 
Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей 
сүйікті болыңыздар. 
Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін. 

Ботагөз Сәдібек
Поздраление из категории "С днем защиты отечества"
0
Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып,  зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!
Поздраление из категории "С днем защиты отечества"
0
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Поздраление из категории "С днем защиты отечества"
0
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Поздраление из категории "С днем защиты отечества"
0
- Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген  аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз.
Поздраление из категории "С днем защиты отечества"
0
Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға баянды бақыт тілейміз!
Поздраление из категории "С днем защиты отечества"
0
Бар өмірін әскери іске арнап,  күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.
Поздраление из категории "С днем защиты отечества"
0
Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғаның естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды – маған екі көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын!
- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жігіт.
Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:
- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.
Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жауға тастамайтын қазақтың жауынгерлерінің достығын тілеймін.
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.